Директор
Директор
КЕБИСПАЕВ АЛМАТ ҚАБДРАШҰЛЫ
1987 жылғы 12 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Спорттық жетістіктері:
- Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы;
- 2011 және 2018 жылдары Азия чемпионы;
- Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін күміс жүлдегері;
- 2014 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері;
- 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері;
- 2011 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
- Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін қола жүлдегері;
- Иван Поддубный атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы;
- 2012 жылғы Лондон Олимпиадасы мен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қатысушысы.