Мектепке қабылдау шарттары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ "ШАҢЫРАҚ" ЫҚШАМ АУДАНЫНДАҒЫ «ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
2026-2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА МЕКТЕП- ИНТЕРНАТ- КОЛЛЕДЖГЕ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ
30.05.2026ж.
Алматы қаласы Шанырақ шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандан-дырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне 2026–2027 оқу жылына 12 спорт түрінен 7-9 сынып оқушы-спортшыларын 1 маусым мен 20 тамыз, 10-11 сынып оқушыларын 15 маусым мен 15 тамыз аралығында құжаттарын қабылдайды.
РММ ОРРММИК-ке түсушілерге арналған емтихандар екі тур бойынша өткізіледі:
І тур екі кезеңнен тұрады:
1-кезең: жалпы дене дайындығы бойынша емтихан – 21 тамыз;
2-кезең: арнайы дене дайындығы бойынша емтихан – 24 тамыз.
ІІ тур
Жалпы білім беретін пәндер бойынша тест – 25 тамыз.
7–8–9–10–11 сыныптар үшін тест пәндері: математика және логика; оқу сауаттылығы; Қазақстан тарихы.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі №169 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 қыркүйекте №36792 болып тіркелген.«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-22) тармақшасына сәйкес республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарға оқуға қабылдау қағидалары бекітілген.
МЕКТЕПКЕ ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕ
Алматы қаласы, «Шаңырақ» ықшамауданындағы РММ «РСШИКОР»-ға
спорттық разряд берілгені туралы есептік-біліктілік кітапшасы болған жағдайда төмендегі құжаттар тізімін тапсыру қажет немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:www.egov.kz
1. Байқауға қатысу туралы ата-ананың өтініші (еркін түрде).
2. Туу туралы куәліктің көшірмесі – 6 дана.
3. Ата-ананың жеке куәлігі көшірмесі – 6 дана.
4. Мөр қойылған үлгідегі спортшының жеке картасы.
5. Негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат немесе жалпы орта білім туралы аттестат, соңғы оқу жылының табель көшірмесі.
(9-сынып аттестатының түпнұсқасы).
6. Спорттық атақ немесе спорттық разряд беру туралы бұйрық көшірмесі, мекеме мөрімен расталған.
7. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен анықтама, мекеме мөрімен расталған.
8. Облыстық, республикалық деңгейдегі дипломдар, грамоталар және жарыс хаттамаларының көшірмелері.
9. 3×4 көлеміндегі фотосуреттер – 10 дана.
10. Көк файлдық папка (10 бетке арналған) – 1 дана.
11. Медициналық есеп құжаттарының түпнұсқалары:
• Қан мен зәрдің жалпы талдауы (14 күннен аспауы тиіс).
• Мамандардың анықтамалары: стоматолог;эндокринолог;кардиолог; фтизиатр (Манту реакциясы тұрақты оң болған жағдайда).
• №052 медициналық анықтама (оқу орнынан).
• №065 профилактикалық екпе картасы (оқу орнынан).
• Эпидемиологиялық орта туралы анықтама – 3 күн жарамды (тұрғылықты жерінен).
• Іш қуысы мүшелері мен бүйректің УДЗ-сі (10 күнтізбелік күн жарамды).
• ЭХОКГ (жүрек УДЗ-сі) – 10 күнтізбелік күн жарамды.
• ЭЭГ (бас миының электроэнцефалографиясы) – бокстан басқа барлық спорт түрлеріне;
МРТ – тек боксшыларға.
• №075 медициналық анықтама (10–11 сыныптарға).
12. Бауы бар құжат папкасы – 2 дана.
13. Жалпы дәптер – 2 дана.
Қабылдау кезінде мектептен берілген құжаттардың түпнұсқаларын тапсыру қажет.
КОЛЛЕДЖГЕ:
«ОРРММИК» РММ-нің 2026-2027 оқу жылына төмендегі мамандық бойынша студенттер қабылдайды:
МАМАНДЫҒЫ – 01140500 – «Дене тәрбиесі және спорт»;
БІЛІКТІЛІГІ: 4S01140503 – «Спорт жаттықтырушысы – оқытушы»;
Оқыту түрі: – күндізгі, қазақ тілінде оқыту.
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай
Білім базасы: жалпы орта білім негізінде
Құжаттар 2026 жылдың 25-ші маусымы мен 05-ші тамыз аралығында қабылданады.
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: Дүйсенбі-Жұма күндері сағат 09.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30 аралығында. Сенбі,жексенбі – демалыс күндері.
Талапкерлер келесі құжаттарды беруі қажет:
1. Байқауға қатысу туралы өтініші (еркін түрде).
2. Жеке куәліктің көшірмесі – 6 дана. .
3. Мөр қойылған үлгідегі спортшының жеке картасы.
4. Жалпы орта білім туралы аттестат (түпнұсқасы). .
5. Спорттық атақ немесе спорттық разряд беру туралы бұйрық көшірмесі, мекеме мөрімен расталған.
6. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен анықтама, мекеме мөрімен расталған.
7. Республикалық деңгейдегі дипломдар, грамоталар және жарыс хаттамаларының көшірмелері.
8. 3×4 көлеміндегі фотосуреттер – 10 дана.
9. Көк файлдық папка (10 бетке арналған) – 1 дана.
10. Медициналық есеп құжаттарының түпнұсқалары:
• Қан мен зәрдің жалпы талдауы (14 күннен аспауы тиіс).
• Мамандардың анықтамалары: стоматолог;эндокринолог;кардиолог; фтизиатр (Манту реакциясы тұрақты оң болған жағдайда).
• №052 медициналық анықтама (оқу орнынан).
• №065 профилактикалық екпе картасы (оқу орнынан).
• Эпидемиологиялық орта туралы анықтама – 3 күн жарамды (тұрғылықты жерінен).
• Іш қуысы мүшелері мен бүйректің УДЗ-сі (10 күнтізбелік күн жарамды).
• ЭХОКГ (жүрек УДЗ-сі) – 10 күнтізбелік күн жарамды.
• ЭЭГ (бас миының электроэнцефалографиясы) – бокстан басқа барлық спорт түрлеріне;
МРТ – тек боксшыларға.
• №075 медициналық анықтама (10–11 сыныптарға).
11. Бауы бар құжат папкасы – 2 дана.
12. Жалпы дәптер – 2 дана.
Қабылдау кезінде мектептен берілген құжаттардың түпнұсқаларын тапсыру қажет.
РММ ОРРММИК-ке түсушілерге арналған емтихандар екі тур бойынша өткізіледі:
І тур екі кезеңнен тұрады:
1-кезең: жалпы дене дайындығы бойынша емтихан – 6 тамыз
2-кезең: арнайы дене дайындығы бойынша емтихан – 7 тамыз
ІІ тур
Міндетті пәндер, мамандық бейіні пәндері және шығармашылық емтихандар – 10 тамыз.
Мекен-жайымыз: Алматы қ., «Шанырақ» шағын ауданы Өтемісұлы к-сі, 71 үй
Анықтама телефондары: 8(727) 245–86–73, e-mail: shanyrakinternat@mail.ru
Хабарландыру 2026 жылдың 30 мамыр күні шықты
Мекен жайымыз: Алматы қ., “Шаңырақ” ықшам ауданы, Өтемісұлы көшесі №71 үй.
Байланыс телефоны: 8 (727) 245-86-73
e-mail: shanyrakinternat@mail.ru