Директор
Директор

CЫРЛЫБАЕВ САҒАТ ҚАДЫРҰЛЫ
14 тамыз 1968 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Білімі:
1981-1986 жылдар аралығында № 6 Республикалық жалпы орта білім беретін мектеп-интернатында білім алған. (қазіргі РСК)
Бокстан спорт шебері.
1989-1993 жылдар аралығында Қазақ дене шынықтыру институтында «Спорт және дене шынықтыру» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
1995-1998 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде «Заңгер» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2014-2016 жылдар аралығында Қазақ спорт және туризм академиясында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша магистр атағын иемденген.
2017-2020 жылдар аралығында Қазақ спорт және туризм академиясында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша докторант.
Еңбек қызметі:
1994-2013 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтында бокс кафедрасы және ауыр отлетика бөлімінде ұстаздық еткен.
2013-2017 жылдар аралығында «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде» әдіскер қызметін атқарған.
2017-2018 жылдар аралығында №10 «Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде» директор қызметін атқарған.
2018-2021 жылдар аралығында «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» КММ-де директор қызметін атқарған.
2021-2023 жылдар аралығында «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде» директор қызметін атқарған.
2023 жыл 05 желтоқсаннан бастап Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ –не директор қызметіне тағайындалды.