Оқу ғимараты

Оқу ғимараты

Оқу ғимараты

Мектеп – интернатта сапалы білім алуға толықтай мүмкіндіктер жасалған. 31 оқу сыныптары ,3 лингафон сыныбы қазақша,орысша,ағылшынша дәріс алуға арналған. 2 информатика сыныбы, интерактивты тақтамен қамтылған 10 сынып бөлмелері, кітаппен қамтылған  кітапхана, әдістемелік бөлме, мәжіліс залы, спорт даңқы мұражайы орналасқан.

Мектеп – интернат – колледжінде 383 оқушы 7 -11 сынып аралығында білім алады. 16 сынып бөлмелері толықтай талапқа сай жабдықталған және оның 11- де қазақ сыныбына арналса, 5 сынып орыс тілінде дәріс беруге арналған.

Мектепте оқу құрамын жақсарту мақсатында жарысқа және сборға кеткен оқушыларға арнайы қосымша сабақтар жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің  және денешынықтыру және спорт комитетінің нормативті құжаттарына сәйкес оқыту жұмыстары жоспарланады. Мектепшілік құжаттар мектеп әкімшілігінің келісімімен қарастырылады.

Мектептегі әр сыныптар толықтай жабдықталған және оқушылар толығымен оқу құралдарымен қамтамассыз етілген.

Мекемеде 30 мұғалім жұмыс атқарады: Қазақстан Республикасының білім үздігі – 1, жоғарғы санатты -16 мұғалім, 2 санатты – 8 .