«Олимпиадалық резервінің мамандандырылған мектеп- -интернат- колледжі» Республикалық мемлекттік мекемесі 240 орындық екі залды асханамен жабдықталған болашақ чемпиондарды ұтымды және жоғары калориялы азық-түлікпен қамтамассыз етеді.
Студенттердің бес уақыт тамақтануымен аспазшы- кәсіпқойлар тәжірибелі командасы жүзеге асырады. Тамақтың дайындалу сапасын бақылауды диетолог маманымыз жүзеге асырады. Асхана жылыту, лифт және тағамдарды суықтатып сақтау үшін мұздатқыштармен жабдықталған. Одан басқа тамақ дайындауға арналған кең бөлмеде, кір жуатын орын, кір жуғыш машина, ыдыс жуғыш құрал-жабдықтармен де жабдықталған.