Олимпиадалық білім» тақырыбында ашық сабақ
Мекеме колледжінде 2019-2020 оқу жылының жоспарына сәйкес «Олимпиадалық білім» тақырыбында I, II, III курс студенттерімен профессор, педагогика ғылымының кандидаты Мұрат Ілиясұлы Адамбеков «Ашық сабақ» – «Шеберлік сабағын» өтті. Сабық барасында «Абайдың 175 жыл» мерейтойына орай ұлы ақынның даналығын, рухани асыл – мұраларын насихаттап, студенттер бойына, сіңіру мақсатында баяндама оқып, шығармашылығына тоқталып өтті. II курс студенттері Вероника Лясникова, Дінмұхамет Нүсіпәлі, Бибол Сағын, Дәулет Жумагалиев өздері дайындаған олимпиада тарихы туралы баяндамаларын оқыды. Бұл іс-шараға мектеп-интернат-колледжіміздің әкімшілігі мен ұжымы да қатысты. Арнайы қонаққа шақырылған Мұрат Ілиясұлының ұстазы Алмас Усманович Кашкимбаев өз білімімен бөлісіп, жақсы лебізін білдірді.



