Елбасы – кемеңгер көшбасшы

Мекемеміздегі колледж студенттері арасында Елбасы күніне арналған “Елбасы – кемеңгер көшбасшы” тақырыбында семинар сабағы өтті. Сабақ барысында “Тәуелсіздік-ел бақыты” кітап көрмесі таныстырылып, Елбасымыздың өмірі мен жазылған кітаптарына үлкен мән берілді. Колледждің оқу ісі жөніндегі әдіскері Айжан Бақытқызы, арнайы пәндер оқытушысы Мұрат Ильясұлы, 3 курс студенті Ілияс Дәуітов және 1 курс студенті Вероника Лясникова қазақ және орыс тілдерінде баяндамалар оқыды.