Директордың спорт жөніндегі орынбасары
Директордың спорт жөніндегі орынбасары

Сулейменов Серикбай Кабенұлы, 1966 жылы 08 ақпанда Көкшетау облысы, Чкалов. ауданы, Сүгірбай ауылында дүниеге келді.
1988-1989 жылы дене шынықтыру мамандығы бойынша, Қарағанды дене шынықтыру және спорт техникумында арнайы орта білім алды.
1991-1995 жылы дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша Қарағанды педагогикалық институтнда жоғары білім алды.
1993 жылдың ақпан айынан бастап 1995 жылдың желтоқсан айы аралығында «Сүгірбай» совхозында директордың жастармен жұмыс жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
1996 жылдың қаңтар айынан 1996 жылдың мамыр айы аралығында Чкалов ауданы әкімі аппаратының, жастар ісі жөніндегі туризм және спорт комитетінің бас маманы қызметін атқарды.
1996 жылдың мамыр айынан 1997 жылдың шілде айы аралығында Чкалов аудандық білім бөлімі Чкалов БЖСМ-де баскетбол жаттықтырушысы қызметін атқарды.
1999 жылдың ақпан айынан 2001 жылдың шілде айы аралығында Тайынша аудандық білім бөлімі, дене шынықтыру маманы, әдіскер қызметін атқарды.
2001 жылдың шілде айынан 2004 жылдың ақпан айына дейін Тайынша ауданы, кәсіподақ комитеттері мен ұйымдастырушылар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
2004 жылдың қаңтар айынан 2011 жылдың қыркүйек айы аралығында Солтүстік Қазақстан облысы БЖСМ директоры қызметін атқарды.
2011 жылдың қазан айынан 2013 жылдың желтоқсан айы аралығында Солтүстік Қазақстан облысы гимнастикадан БЖСМ директоры қызметін атқарды.
2014 жылдың тамыз айынан 2015 жылдың маусым айы аралығында Миронов ауылдық округі әкімінің аппараты ММ Жергілікті салықтарды жинауды ұйымдастыру және әскери қызмет пен әскери қызметшінің мәртебесі туралы заңнаманы орындау бойынша бас маманның міндетін атқарушы қызметін атқарды.
2015 жылдың маусым айынан 2017 жылдың тамыз айы аралығында "СҚО Тайынша ауданының білім бөлімі" ММ қосымша білім беру орталығы МКҚК директоры қызметін атқарды.
2017 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың сәуір айы аралығында СҚО Тайынша ауданы Донецк ауылдық округы әкімінің міндетін атқарушы, директор қызметін атқарды.
2018 жылдың сәуір айынан 2019 жылдың қаңтар айы аралығында СҚО Тайынша ауданының білім бөлімінің әдіскері қызметін атқарды.
2019 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін "Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерімен жұмыс жөніндегі облыстық дене шынықтыру-спорт орталығы" КММ-де ұйымдастыру-бұқаралық жұмыстар секторының басшысы қызметін атқарған.