Бүгін мектеп-интернат-колледжімізде футболдан колледж студенттері арасында жарыс өтті. Жарысқа I-ші және II-ші курс студенттері қатысты. Жарыстың мақсаты колледжімізді бітіретін III-ші курс студенттерінің жаттықтырушылық қасиеттерін арттыру және командаларды басқарудағы тәжірибиелерін көбейту негізінде ұйымдастырылды. Жарысымыз тартысты өтіп, негізгі уақыт 3:3 есебімен тең түскен командалар өзара жеңімпазды анықтау үшін футбол лотереясы пенальтиге жүгінді. Пенальти қорытындысы бойынша I-ші курс студенттері жеңіске жетіп, жарыс жеңімпаздары атанды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы кубок және дипломдармен марапатталды.