Жатақхана
Жатақхана





Жатақхана
Мекемемізде орналасқан жатақхана 370 балаға арналып салынған. 92 тұрғын және 4 тұрақты бөлмелерден құралған. Бөлме толығымен жиһаздармен жабдықталған: 2 қатарлы төсек, жазу үстелі, киім салатын арнайы шкаф, төсек қасындағы тумбалармен, кітап сөрелері,әр бөлмеде жеке жуынатын душтар және дәретхана мен жуыну раквиналарымен қамтылған.
Жатақханада оқушылар спорт бөлімі бойынша орналастырылған. Олардың бос уақытында демалатын арнайы демалу бөлмелері де жабдықталған. Сонымен қатар, оқу залы және арнайы компьютермен жабдықталған үлкен зал қарастырылған. 1 және 2 қабаттарда оқушыларға арнайы кереге теледидарлары мен отыратын арнайы орындықтар орнатылған.
Барлық қабаттарда видео бақылаулар орнатылған. Күнделікті қолданыстарына арналған кір жуу машиналары мен кір кептіру орындары да толығымен жабдықталған. Жас спортшылармен 17 білікті тәрбиешілер жұмыс жасайды.