Мектепке қабылдау шарттары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ "ШАҢЫРАҚ" ЫҚШАМ АУДАНЫНДАҒЫ «ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ 

2026-2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА МЕКТЕП- ИНТЕРНАТ- КОЛЛЕДЖГЕ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ


30.05.2026ж.

Алматы қаласы Шанырақ шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандан-дырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне 2026–2027 оқу жылына 12 спорт түрінен 7-9 сынып оқушы-спортшыларын  1 маусым мен 20 тамыз, 10-11 сынып оқушыларын 15 маусым мен 15 тамыз аралығында құжаттарын қабылдайды.

РММ ОРРММИК-ке түсушілерге арналған емтихандар екі тур бойынша өткізіледі:

І тур екі кезеңнен тұрады:

1-кезең: жалпы дене дайындығы бойынша емтихан – 21 тамыз;

2-кезең: арнайы дене дайындығы бойынша емтихан – 24 тамыз.

ІІ тур

Жалпы білім беретін пәндер бойынша тест – 25 тамыз.

7–8–9–10–11 сыныптар үшін тест пәндері: математика және логика; оқу сауаттылығы; Қазақстан тарихы.

 

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі №169 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 қыркүйекте №36792 болып тіркелген.«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-22) тармақшасына сәйкес республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарға оқуға қабылдау қағидалары бекітілген.

 

МЕКТЕПКЕ ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕ
Алматы қаласы, «Шаңырақ» ықшамауданындағы РММ «РСШИКОР»-ға
спорттық разряд берілгені туралы есептік-біліктілік кітапшасы болған жағдайда төмендегі құжаттар тізімін тапсыру қажет немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:www.egov.kz

1.       Байқауға қатысу туралы ата-ананың өтініші (еркін түрде).

2.      Туу туралы куәліктің көшірмесі – 6 дана.

3.      Ата-ананың жеке куәлігі көшірмесі – 6 дана.

4.      Мөр қойылған үлгідегі спортшының жеке картасы.

5.      Негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат немесе жалпы орта білім туралы аттестат, соңғы оқу жылының табель көшірмесі.
(9-сынып аттестатының түпнұсқасы).

6.      Спорттық атақ немесе спорттық разряд беру туралы бұйрық көшірмесі, мекеме мөрімен расталған.

7.      Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен анықтама, мекеме мөрімен расталған.

8.      Облыстық, республикалық деңгейдегі дипломдар, грамоталар және жарыс хаттамаларының көшірмелері.

9.      3×4 көлеміндегі фотосуреттер – 10 дана.

10.   Көк файлдық папка (10 бетке арналған) – 1 дана.

11.   Медициналық есеп құжаттарының түпнұсқалары:

       Қан мен зәрдің жалпы талдауы (14 күннен аспауы тиіс).

       Мамандардың анықтамалары: стоматолог;эндокринолог;кардиолог; фтизиатр (Манту реакциясы тұрақты оң болған жағдайда).

       №052 медициналық анықтама (оқу орнынан).

       №065 профилактикалық екпе картасы (оқу орнынан).

       Эпидемиологиялық орта туралы анықтама – 3 күн жарамды (тұрғылықты жерінен).

       Іш қуысы мүшелері мен бүйректің УДЗ-сі (10 күнтізбелік күн жарамды).

       ЭХОКГ (жүрек УДЗ-сі) – 10 күнтізбелік күн жарамды.

       ЭЭГ (бас миының электроэнцефалографиясы) – бокстан басқа барлық спорт түрлеріне;
МРТ – тек боксшыларға.

       №075 медициналық анықтама (10–11 сыныптарға).

12. Бауы бар құжат папкасы – 2 дана.

13. Жалпы дәптер – 2 дана.

Қабылдау кезінде мектептен берілген құжаттардың түпнұсқаларын тапсыру қажет.

 

 

КОЛЛЕДЖГЕ:

«ОРРММИК» РММ-нің  2026-2027 оқу жылына төмендегі мамандық бойынша студенттер қабылдайды:

МАМАНДЫҒЫ – 01140500 – «Дене тәрбиесі және спорт»;

БІЛІКТІЛІГІ: 4S01140503 – «Спорт жаттықтырушысы – оқытушы»;

Оқыту  түрі: – күндізгі, қазақ  тілінде оқыту.

Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай

Білім базасы: жалпы орта білім негізінде

Құжаттар 2026 жылдың 25-ші маусымы мен 05-ші тамыз аралығында қабылданады.

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: Дүйсенбі-Жұма күндері сағат 09.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30 аралығында. Сенбі,жексенбі – демалыс күндері.

Талапкерлер келесі құжаттарды беруі қажет:

1.       Байқауға қатысу туралы өтініші (еркін түрде).

2.      Жеке  куәліктің көшірмесі – 6 дана. .

3.      Мөр қойылған үлгідегі спортшының жеке картасы.

4.      Жалпы орта білім туралы аттестат (түпнұсқасы). .

5.      Спорттық атақ немесе спорттық разряд беру туралы бұйрық көшірмесі, мекеме мөрімен расталған.

6.      Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен анықтама, мекеме мөрімен расталған.

7.      Республикалық деңгейдегі дипломдар, грамоталар және жарыс хаттамаларының көшірмелері.

8.      3×4 көлеміндегі фотосуреттер – 10 дана.

9.      Көк файлдық папка (10 бетке арналған) – 1 дана.

10.   Медициналық есеп құжаттарының түпнұсқалары:

       Қан мен зәрдің жалпы талдауы (14 күннен аспауы тиіс).

       Мамандардың анықтамалары: стоматолог;эндокринолог;кардиолог; фтизиатр (Манту реакциясы тұрақты оң болған жағдайда).

       №052 медициналық анықтама (оқу орнынан).

       №065 профилактикалық екпе картасы (оқу орнынан).

       Эпидемиологиялық орта туралы анықтама – 3 күн жарамды (тұрғылықты жерінен).

       Іш қуысы мүшелері мен бүйректің УДЗ-сі (10 күнтізбелік күн жарамды).

       ЭХОКГ (жүрек УДЗ-сі) – 10 күнтізбелік күн жарамды.

       ЭЭГ (бас миының электроэнцефалографиясы) – бокстан басқа барлық спорт түрлеріне;
МРТ – тек боксшыларға.

       №075 медициналық анықтама (10–11 сыныптарға).

11. Бауы бар құжат папкасы – 2 дана.

12. Жалпы дәптер – 2 дана.

Қабылдау кезінде мектептен берілген құжаттардың түпнұсқаларын тапсыру қажет.

 

РММ ОРРММИК-ке түсушілерге арналған емтихандар екі тур бойынша өткізіледі:

 І тур екі кезеңнен тұрады:


1-кезең: жалпы дене дайындығы бойынша емтихан – 6 тамыз
2-кезең: арнайы дене дайындығы бойынша емтихан – 7 тамыз

ІІ тур
Міндетті пәндер, мамандық бейіні пәндері және шығармашылық емтихандар – 10 тамыз.

 

Мекен-жайымыз: Алматы қ., «Шанырақ» шағын ауданы Өтемісұлы к-сі, 71 үй

Анықтама телефондары: 8(727) 2458673, e-mail: shanyrakinternat@mail.ru

Хабарландыру 2026 жылдың 30 мамыр күні шықты

 

Мекен жайымыз: Алматы қ., “Шаңырақ” ықшам ауданы, Өтемісұлы көшесі №71 үй.

Байланыс телефоны: 8 (727) 245-86-73

e-mail: shanyrakinternat@mail.ru