Тарихы

Алматы қаласы “Шаңырақ” шағын ауданындағы “Спорттағы дарынды балаларға арналған
республикалық мектеп-интернаты” республикалық мемлекеттік мекемесінің
ТАРИХЫ
“Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы №230 жарлығына сәйкес және спорттағы дарынды балалардың жеке қабілеттерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы шешімімен 2007 жылдың 1 қарашасынан бастап 6,3 га аумақты алып жатқан Алматы қаласының “Шаңырақ” ықшам ауданы ”Спорттағы дарынды балаларға арналған Республикалық мектеп–интернат ” ашылды.
Мемлекеттік мекеме «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдесіндегі № 613 қаулысы негізінде қайта құру жолымен құрылды және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
31 желтоқсандағы №1440 қаулысы негізінде қайта аталды.
Мемлекеттік мекеменің атауы:
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
Бастапқы жылы 236 жас спортшы қабылданды. Оның ішінде балалардың бір бөлігі К.Ахметов атындағы спорттық мектеп-интернаттан 47 спортшы ауыстырылды, қалған балалар Қазақстанның барлық өңірлерінен келді. Жаңадан қабылданған балаларда спорттық разрядтар, атақтар болған жоқ, бірақ жақсы физикалық дайындықтықпен және сүйікті спорт түрімен айналысуға деген үлкен ниет болды.
Төмендегідей спорт түрлері ашылды:
еркін күрес
бокс
грек-рим күресі
жүзу
таэквондо
стол теннисі
баскетбол
Спорт мектебінің бірінші жетекшісі Нуржанов Самат Гилманұлы, мектептің алғашқы тәрбиеленушілері жинағы жасақталды және жаттықтырушы-оқытушылар құрамы құрылды.
2008 жылдың қазан айында мекеменің директорлық қызметіне Иманқұлов Асқарбек Ысқақұлы келді. Мектеп құнарсыз, шөпсіз бос жерге салынғандықтан, ауланы абаттандыру жұмыстары жүріп, мектеп ауласы жасыл, гүлденген аумаққа айналды.
Мектеп оқушылары халықаралық жарыстарға қатыса бастады. 2009 жылы Азия ойындарының, Әлем чемпионатының алғашқы жеңімпазы мен жүлдегері Айгалиева Эльмира жузуден алғашқы рекордсмен атанып, мекеме мәртебесін көтерді.
2009 жылы мекемемізге деген және мектептің жұмысына деген жоғары бағалау барысында, іс-сапармен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бізге келуі үлкен құрмет болды.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылы №1109 қаулысымен Алматы қаласы “Шаңырақ” шағын ауданындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған
мектеп-интернат-колледжі РММ мәртебесін алды.
Мектеп-интернатының базасында 2012 жылы колледж құрылды. Үздік тәрбиеленушілер – мектеп түлектері атауына ие бола отырып, колледж студенті атанады, одан үздіктері мектепте жаттықтырушы қызметінде қалады. Балаларға деген махаббат, сүйікті спортына деген қызығушылық ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.
Мектептің базасында «Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп- интернат – колледжі» РММ- нің спорт даңқы мұражайы» ашылып, қазіргі таңда да өз жұмысын жалғастыруда.
2013 жылдан бастап бұл мекемені Төлеков Қанат Сыздықұлы басқарды. 2014 жылы жаттықтырушылар ұжымы бокстан Әлем чемпиондарын даярлап шығарды: Әлімханұлы Жәнібек және Қызайбай Назым. ҚХР Нанкинг қаласында ІІ Жасөспірімдер арасында Олимпиада ойындары өтіп, үздік ондыққа 5 спортшымыз ілікті. Атап айтар болсақ Поливадов Евгений Александрович грек-рим күресінен 3- орынды иеленді.
2014 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша «Шаңырақ» шағын ауданындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-сі «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша марапатталды. Осы жылдары ОРРММИК РММ –де 440 оқушы 13 спорт түрі бойынша тәрбиеленді. Олар – еркін күрес, әйелдер күресі, бокс, әйелдер боксы, садақ ату, жүзу, грек- рим күресі, таэквандо, байдарка мен каноэде есу, стол теннисі, дзюдо, ауыр атлетика.
2017 жылдың наурыз айынан 2018 жылдың наурыз айы аралығында мекеменің директоры Болат Хавлахат болды. Осы уақыт аралығында спортшыларымыз ресми жарыстарда үздік нәтиже көрсетті.
2018 – 2022 жылдар аралығында мекеменің директоры болып Ибраимов Ернар Таласбекұлы жұмыс атқарды.
2018 жылы Буэнос-Айрес қаласында өткен Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында бокстан Тойбай Дамир-2 орынды иеленді. Жылдан жылға үздік спортшыларымыз көбейіп, ресми жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, мекеме мәртебесі артып келді.
2022 жылы наурыз айынан, 2023 жылдың тамыз айы арағында мекеме директоры Торғайұлы Медет Торғаев жұмыс атқарды. Спортшылар халықаралық және ресми жарыстарға қатысып нәтиже көрсетті.
2023 жылдың қыркүйегінде, Сербия мемлекетінің Белград қаласында еркін күрестен ересектер арасында өткен Әлем чемпионатында Айтмухан Ризабек жеңімпаз болды.
2023 жылдың желтоқсан айында мекеме басшысы қызметіне Сырлыбаев Сағат Қадырұлы тағайындалды.
2023 жылы Сербия Республикасы Белгард қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын жеңіп алды. Бұл жоғары сынақ марапаты ел тарихында осындай деңгейдегі турнирлерде еркін күрестен бірінші болды.
2024 жылы қыркүйек айында Испанияның Понтеведра қаласында Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында екінші рет әлем чемпионы атанды.
Қазіргі таңда 12 спорт түрі бойынша, яғни бокс, қыздар боксы, еркін күрес, әйелдер
күресі, грек- рим күресі, садақ ату, жүзу, таеквандо, байдарка мен каноэде ескек
есу, үстел теннисі, дзюдо, ауыр атлетика спорт түрлері бойынша 380 оқушы, 96 студент тәрбиеленуде.