Әлем чемпионы атағын жеңіп алды!
2022 жылдың 12-27 қараша аралығында Испания мемлекетінің Аликанто қаласында жастар арасында қыздар боксынан өткен Әлем чемпионатында мекемемізден үш спортшымыз қатысып екі спортшымыз жүлделі орын иеленді. Сейдіш Бақыт Саматқызына байрақты бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілу сәті бұйырды, қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп Қазақстан қоржынына Алтын медальді алып келді, Әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Әлем чемпионы болу әрбір спортшының басты арманы екені сөзсіз.
Сейдіш Бақыт Саматқызын және Әлем чемпионатының қола жүлдегері Тоқтасын Асельді құттықтап аэропорттан күтіп алу салтанатына мекеме директоры, мектеп әкімшілігі тарапынан жиналған спортшы жастарымыз және бапкерлеріміз қатысып қайтты. Салтанатты түрде, үлкен қуанышты жағдайда күтіп алдық. Мекеме директоры Медет Торғайұлы, Сейдіш Бақыт Саматқызын, Тоқтасын Асельді және жаттықтырушы бапкерлерімізді үлкен жеңістерімен құттықтап, алдағы байрақты бесекеде Олимпиада жеңіс тұғырынан көріне беруді тілеп, алғыс айтты, еңбектеріңіз жана берсін. Бұл жеңіс қазақ елі үшінде біздің мекемеміз үшінде көк туымызды әлемдік аренада көкке желбірету үлкен қуаныш!
Бұл жеңіс басқада спортшыларымызға бұйырсын деп сәттілік пен жеңіс тілейміз!