Жаңалықтар

Кім жылдам? спорттық ойындары

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» атты республикалық акция аясында спорт мектеп-интернат-колледжіміздің оқушыларының арасында «Кім жылдам?» спорттық сайысы өтті. Сайыс бағдарламасы бес кезеңнен құралды. Алғашқы кезең – пингвин, 2 кезең – жұптасып допты алу, 3 кезең – қар атысу, 4 кезең – арқан тартыс және соңғы кезең – кляксография. Сайысты ұйымдастырушылар: әлеуметтік педагог – Абдулдаева Лаура, психолог – Әбдрешева Асем және ұйымдастырушы педагог – Ғалия Серікқызы. Сайыс қорытындысы бойынша достық жеңіске жетті. Сайыстың мақсаты: «Балаларды қорғау күні» мерекесін сезіну, балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу. Балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, достыққа, бірлікке, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. Мерекелік іс-шараның соңында оқушыларға сыйлықтар беріліп, мерекелік дастархан ұйымдастырылып, балмұздақ таратылды.

#барлығыбалаларүшін

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған