Грек-рим күресінен жастар ойынында қос қола медаль!
Талдықорған қаласында грек-рим күресінен V жастар спорттық ойындары өтті. Бұл дүбірлі додада бақтарын сынаған спорт мектеп-интернат-колледжіміздің балуандарының қоржынында екі қола медаль. Айта кетейік 55 келі салмақ дәрежесінде қос балуанымыз жарыстың үшінші сатысынан көрінді – Саматбек Ізімғали және Қабдырахимов Нұрзат. Чемпионатта тамаша нәтиже көрсеткен спортшыларымызды және грек-рим бөлімінің жаттықтырушылар құрамын құттықтай отырып, алдағы болатын жарыстарда сәттілік тілейміз!