Волейболдан жарыс!
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы мекеме қызметкерлерінің арасында «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мейрамына орай Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен волейболдан жарыс өтті. Бұл дүбірлі додаға 5 команда бақтарын сынады. Олар: Олимпиадалық даярлау орталығы, Спорттық медицина және оңалту орталығы, Республикалық спорт колледжі, Шаңырақ шағын ауд. ОРРММИК, К.Ахметов атындағы ОРРММИК. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, спорт мектеп-интернат-колледжіміздің ұжымы күміс жүлдегер атанды. Жарыс қорытындысы:
1 орын – К.Ахметов атындағы ОРРММИК
2 орын – Шаңырақ шағын ауд. ОРРММИК
3 орын – Олимпиялық даярлау орталығы
Сонымен қатар “Үздік ойыншы” номинациясы бойынша мекемеміздің қызметкері Расул Ерланұлы жеңімпаз атанды. Осы бәсекеде жүлделі орынға ие болған мекеме ұжымын және Расул Ерланұлын жеңісімен құттықтаймыз! Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы құтты болсын!!!