ТАЛАПКЕРЛЕР АРНАЙЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ БОЙЫНША ӨЗ ШЕБЕРЛІКТЕРІН КӨРСЕТТІ
Алматы қаласы «Шаңырақ» ы.а. Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі Республикалық мемлекеттік мекемесінде жас спортшыларды қабылдау емтиханының екінші кезеңі өтті. Талапкерлер арнайы дене дайындығы бойынша өздері таңдаған спорт түрлері бойынша өз шеберліктерін көрсетті.
Комиссия мүшелерінің құрамында мекеме басшысы Сырлыбаев Сағат Қадырұлы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Сағиұлы Ыбырайымов, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясының фракция мүшесі Бекенова Гүлжан Мырзалықызы, аға бапкерлер, спорт әдіскерлері болды.
Бағын сынап жатқан барлық жас спортшыларға сәттілік тілейміз!