Жаңалықтар

САРВИНОЗ МИРКАДИРОВА – “WTT YOUTH CONTENDER” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ЧЕМПИОНЫ

Ирак елінің Сулеймания қаласында үстел теннисінен “WTT Youth Contender” халықаралық турнирі аяқталды. Аталған турнирде 19 жасқа дейінгі жас санатында алтын жүлдені спортшымыз Сарвиноз Миркадирова жеңіп алды.

⚜️ Ол Фатима Мусаны (Ирак) 3:0,
Иекта Адибианиді (Иран) 3:2,
Заара Тахерді (Ирак) 3:0,
Атен Захирифарды (Иран) 3:0,
ал жартылай финалда Элина Рахимиді (Иран) 3:1, финалда Таниш Котечаны (Үндістан) 3:1 есептерімен жеңді.

🎊 Жарайсың, Сарвиноз!
Жеңімпаз спортшымызды және “Үстел теннисі” бөлімінің жаттықтырушылар құрамын жетістігімен құттықтаймыз! Спорт жолдарыңызда алар асуларыңыз бен бағындырар биіктеріңіз көп болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған