АДИЛБЕК ЕРБОЛАТОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНА КӨТЕРІЛДІ!
ТӨГІЛГЕН ТЕР МЕН ЕЛДІҢ СЕНІМ АРТҚАН ҮМІТІ-АДИЛБЕК ЕРБОЛАТОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНА КӨТЕРІЛДІ 🇰🇿
Тайланд елінің Сирача қаласында күрес түрлерінен U-15 жасөспірімдер және U-20 жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Алматы қаласы “Шаңырақ” ы.а. Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіміздің 75 келі салмақ дәрежесінде белдескен балуаны Адилбек Ерболатов қарсылас шақ келтірмей, жеңістің ең биік сатысына көтеріліп, алтыннан алқа🥇тақты.
🎊 Жарайсың, балуан!
Жеңімпаз спортшымызды және “Еркін күрес” бөлімінің жаттықтырушылар құрамын айтулы жеңісімен құттықтаймыз! Күллі қазақ мақтанышына айналар дарынды шәкірттеріңіз көп болсын!