Директор
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РМҚК директоры лауазымына Торғаев Медет Торғайұлы тағайындалды.
Торғаев Медет Торғайұлы 1986 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Жиделі ауылында дүниеге келген.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Астана қаласы дене шынықтыру департаментінің ұлттық спорт түрлері басқармасының сарапшысы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жазғы спорт түрлері басқармасының бас сарапшысы, Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінде директордың спорт жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.