Ақмола облысы шаңғы спортынан Қазақстан Спартакиадасында жеңіске жетті!
Алматыда шаңғы спортынан Қазақстан Спартакиадасы аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Командалық есепте Ақмола облысы жеңіске жетті. Аталған команда еншісінд 1145 ұпай бар.
Екінші орынды 931 ұпаймен Шығыс Қазақстан облысы иеленсе, үздік үштікті 859 ұпай жинаған Қостанай облысы тұйықтады.