Бокстан V жастар ойыны!
Атырау қаласында мамыр айының 17-23 жұлдыз аралығында бокстан V жастар ойындары өтті. Жастар арасында 4 жылдықтың басты додасы саналатын бұл бәсеге еліміздің барлық өңірінен 370-тен астам боксшылар жұдырық түйістірді. 2003-2004 жылғы ұлдар мен қыздар 11 салмақ дәрежесі бойынша чемпиондарды анықтады. Спорт мектеп-интернат-колледжіміздің боксшы қыздары жастар ойындарында тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Жастар ойындарының нәтижесі бойынша шаршы алаңда атой салған боксшы қыздарымыз 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медальді мектеп қоржынына салды. Атап айтқанда 60 келі салмақ дәрежесінде Балғабек Аруза топ жарса, Ерболат Мақпал (81 кг), Асель Тоқтасын +81 келіде жастар ойындарының күміс жүлделерін еншілесе, Бурабай Меруерт 54 келіде қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар тағыда қуанышты жаңалық Балғабек Аруза спорт шебері атағын орындады. Жастар ойындарында тамаша нәтиже көрсеткен спортшыларымызды және қыздар боксы бөлімінің жаттықтырушылар құрамын құттықтай отырып, алдағы болатын жарыстарда сәттілік тілейміз!