Еркін күрестен V жастар ойыны!
2021 жылдың 17-20 наурыз аралығында Павлодар қаласында еркін күрестен V жастар ойыны өтті. Еліміздің әр өңірінен іріктелген 300 боз кілем шеберлері 11 салмақ дәрежесі бойынша чемпиондарды анықтады. Бұл чемпионаттан спорт мектеп-интернат-колледжіміздің балуандары 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медальмен оралды. Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын – Есенгелді Асылжан (57кг)
Тәжі Бекзат (125кг)
II орын – Сейтбаев Әуез (65кг)
Советов Бауыржан (92кг)
III орын – Базарбаев Мерей (57кг)
Анчугин Радион (70кг)
Спортшыларымызды және еркін күрес бөлімінің жаттықтырушыларын айтулы жеңістерімен құттықтап, алдағы болатын жарыстарда сәттілік тілейміз!