ҚР чемпионатында кіші жасөспірімдер арасында Ақан Тұрсымат чемпион атанды!
Наурыз айының 15-18 жұлдыз аралығында Алматы облысының Жаркент қаласында өткен грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер (U15) арасында ҚР чемпионатының үздік балуандары анықталды. Бұл чемпионаттан спорт мектеп-интернат-колледжіміздің қоржыны 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медальмен толықты. Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын – Ақан Тұрсымат (44 кг)
II орын – Бекет Айдын (44 кг)
Ердиас Мұхамбетсадық (41 кг)
III Орын – Шыңғыс Мамбет (35 кг)
Едіге Төлеутаев (41 кг)
Спортшыларымызды және грек-рим күрес бөлімінің жаттықтырушыларын айтулы жеңістерімен құттықтап, алдағы болатын жарыстарда сәттілік тілейміз!