17 қараша – Халықаралық студенттер күні! Спорт мектеп-интернат-колледжіміздің ұжымы студенттерімізді мерекелерімен құттықтады. Өздерінің жылы лебіздерін спорт мектеп-интернат-колледжіміздің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұрат Ілиясұлы және колледжіміздің оқу-ісі әдіскері Айжан Бақытқызы білдірді. Құрметті студенттер, сіздерге мерекеде оқуларыңызды сәтті аяқтап, білікті маман иесі болуларыңызды тілейміз! Студенттік шақтарыңыз жарқын және есте қаларлық өтсін! Бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын!