Жаңалықтар

Колледжге спортшыларды қабылдау!

Спорт мектебімізге оқушыларды қабылдау науқаны аяқталғаннан кейін, колледжге студенттерді қабылдау емтиханы басталды. Емтихан тапсыру кезінде барлық карантиндік іс-шаралар мен ережелер сақталды. 24 – тамыз жалпы дене дайындығы бойынша, 25 – тамыз арнайы дене дайындығы бойынша, бұл дегеніміз өздері таңдаған спорт түрлері бойынша емтихан тапсырды. Бүгін пәндер бойынша тестілеуден өтеді. Тапсыратын пәндері: Қазақстан тарихы мен қазақ тілі.  Осы емтихандандар нәтижесі бойынша 20 студент қабылданады. Колледжде оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Мамандығы – 0103000 – «Дене тәрбиесі және спорт». Біліктігі – 0103033 – «Спорт жаттықтырушы – оқытушы».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған