Жаңалықтар

Емтихан 1 күн

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекемелерде жаңа оқу жылына жас спортшыларды қабылдау науқаны басталды. Біздің де спорт мектеп-интернат-колледжіне түсу үшін жас спортшылар емтихан тапсырып жатыр. Карантиндік шаралар мен ережелерді қатаң сақтай отырып, емтихан тапсыру әдеттегідей 2 кезеңнен тұрады. Бүгін бірінші кезеңде спортшылар жалпы дене дайындығы бойынша емтихан тапсырды. Емтихан кезеңінде тапсырылған жаттығу түрлері: 60,100 және 1000 метр қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, турникке тартылу. Бұл емтихан балалардың физикалық дайындықтарын тексеру болып табылады. Ал, ертең емтиханның екінші кезеңінде спортшылар өздері таңдаған спорт түрлерінен өз шеберліктерін көрсетеді, ішінен озып шыққан үздіктері спорт мектебімізге қабылданатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған